YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
БундеслигаЖаңалықтарФутбол

Харри Кейн Kicker нұсқасы бойынша жылдың адамы атанды

Харри Кейн

Германияның беделді Kicker журналы 2025 жылдың үздік футболшысын анықтады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Басылым редакциясының шешімімен «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн «жылдың адамы» атанды.

Редакция өкілдері бұл таңдауды ойыншының тек гол соғу қабілетімен ғана емес, командалық ойынға қосқан үлесімен байланыстырды.

— Біз бұл жолы тек нәтижелілікті емес, ойыншының команда ойынына қаншалықты әсер ететінін ескердік. Кейінгі шепке көмектесуі мен алаңдағы жүгіру көлемі — классикалық шабуылшы үшін үйреншікті құбылыс емес, — деп түсіндірді Kicker қызметкерлері.

Айта кетейік, 2025 жылы Харри Кейн мансабындағы алғашқы трофейлерін жеңіп алды. Ол «Бавария» сапында Германия чемпионатын және Германия Суперкубогын иеленді.

Ұқсас мақалалар

Алонсо өз футболшыларын қорғау үшін бәріне дайын. Тіпті, сұсты Симеонеге де қарсы шықты

Африка кубогында стадион толмаса, жанкүйерлерді матчқа тегін кіргізуде

«МЮ» капитаны Бруну Фернандеш кемінде бір айға қатардан шықты