YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпараттеннис

Арина Соболенко — US Open-2025 чемпионы!

Беларусь теннисшісі тағы да Нью-Йоркті бағындырды! Арина Соболенко АҚШ-тың ашық чемпионаты финалында жергілікті Аманда Анисимованы айқын ойынмен тізе бүктіріп, мансабындағы екінші мәрте US Open кубогын көтерді.

Алғашқы сеттен-ақ Соболенко қарсыласын қысымға алды. Қарқыны мен дәлдігі арқасында бірінші сетті сенімді түрде жапты (6:3). Екінші сетте Анисимова барын салып, жанкүйерлердің қолдауымен ойынды теңестіре алды. Тай-брейкке дейін созылған сет шешуші сәтте Соболенконың мықты мінезін көрсетті. Белорус теннисшісі қателеспей, жеңісті жұлып алды (7:6)

Жартылай финалда да Арина чемпионға тән табандылық танытқан еді: Джессика Пегуладан алғашқы сетте ұтылғанына қарамастан, кейін қайта күш жинап, сенімді жеңіске жетіп, финалға жол ашқан болатын.

Осылайша, Соболенко Нью-Йоркте қатарынан екінші рет «Үлкен дулыға» трофейін иеленіп, қазіргі әйелдер теннисіндегі көшбасшылық орнын бекемдей түсті.

Ұқсас мақалалар

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасында тарихқа енді

Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартты

17 жастағы дағыстандық Ибрагимов АПЛ-де дебют жасай ма?