YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратТеннис

US Open финалы: Синнер мен Алькарас дәуірі жалғасуда

АҚШ ашық чемпионатының шешуші матчы көпшіліктің күткен дуэліне айналды. Янник Синнер мен Карлос Алькарас тағы да финалда жолығады.

Синнер жартылай финалда Феликс Оже-Альяссимді еш қиындықсыз жеңді, ал Алькарас теннис аңызы Новак Джоковичтің титул үшін жолын кесті.

Маусымдағы басты турнирлерде екі жас чемпион алма-кезек үстем болды: «Ролан Гарроста» Алькарас топ жарса, «Уимблдонды» Синнер жеңіп алды. Нью-Йорктегі финал — олардың бәсекелестігін жаңа деңгейге шығаратын шешуші айқас.

Ақтық сын 7-қыркүйекте Артур Эш стадионың кортында өтеді.

Ұқсас мақалалар

Бублик — ATP 500 турнирінің жартылай финалында

Букайо Сака «Қайратқа» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

«Арсенал» ауттан доп лақтыру бойынша «Ливерпульде» Клопптың тұсында жұмыс істеген маманды шақырды. Гроннемарк лондондықтарға кеңес береді