YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спортХоккей

Иэн Маккошеннің «Барыстағы» жалақысы белгілі болды

13 тамызда астаналық «Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Иэн Маккошеннің командаға ауысқанын ресми жариялаған еді. Енді оның жаңа келісімшартының қаржылық қыры да белгілі болды.

Спорт журналисі Артур Хайруллиннің мәліметінше, Маккошеннің жылдық жалақысы 30 миллион рубльді (шамамен 202 миллион теңге) құрайды.

Өткен маусымда 30 жастағы қорғаушы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Куньлунь Ред Стар» сапында 61 матч өткізіп, 15 (4+11) ұпай жинады.

Ұқсас мақалалар

«Реалдың» трофейсіз сериясына бір жылдан асты

World Boxing жаңа салмақ дәрежелерін бекітті

Зиркзее 2025 жылы алғаш рет «МЮ»-дың АПЛ-дегі үй матчында гол соқты