YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

«Ауыл баласы – алаңда!» Алматыда алғаш рет HALYK OPEN футбол турнирі өтті

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен және кәсіби скауттардың назары аясында еліміздің әр өңірінен келген жас футболшылар алаңға шықты.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 ауылдық команда Алматыда алғаш рет HALYK OPEN GOLDEN KIDS атты балалар турнирінде бас қосты. Бұл – Тимур Құлыбаевтың Halyk қорының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан #АуылФутбол жобасының жаңа кезеңі.

Турнир елдің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардыжинап, нағыз футбол думанына айналды: алаңдағытартыс, трибунадағы ата-аналардың толқынысы жәнеболашақ жұлдыздарды іздеуге арнайы келген «Қайрат» клубының кәсіби скауттарының назары — бәрі де бұлшараның ерекше маңызын айқындап тұрды. «Басты мақсат – ауыл балаларына үлкен алаңда өздерінкөрсетуге мүмкіндік беру», – дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мамбет.   «Ауыл футболы тұйық жол емес, үлкен аренаға бастартрамплин болуы керек», – деп толықтырды ол. Турнирге арнайы келген құрметті қонақтардың қатарындақазақ футболының аңызы – Құралбек Ордабаев пен Ваит Талғаев болды. Олар ойындарды тамашалап, жасфутболшыларға қолдау көрсетті.

Турнир қалай өтті? Командалар 4 топқа бөлініп, әрқайсында 4 командаданойнады. Кейін – плей-офф, медаль үшін тартыс және еңбасты – әр ойыншыға жеке назар.

Жоба аясында алғаш рет әр матчтағы үздік ойыншыларарнайы марапатталды. Барлығы 32 ойын өтіп, нәтижесінде 32 жеке марапат табысталды. Сондай-ақ, скауттар таңдаған 12 үздік ойыншыдан символды құрамжасақталды. Олар да Halyk қорынан бағалы сыйлықтарғаие болды.

«Ауыл балаларының әлеуеті зор. Бұл тек сөз жүзіндеемес, олардың жанкештілігі мен көзіндегі жалыннан-ақбайқаймыз. Әр жеңісі – болашақ ұрпаққа дегенмақтаныш», – деді Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.


Турнир қаһармандары мен жеңімпаздары

• Чемпион – «Намыс – Қызылтөбе» (Маңғыстау облысы)
• Күміс жүлде – RedSapsans (Алматы облысы)
• Қола жүлде – «Іле Сәулет» (Алматы облысы)
• Ең жас ойыншы – Сейдахмет Ахмет (2014 ж.т.)
• Турнирдің «Алтын добы» – Абзал Баймұхан

Ұйымдастырушылар турнир жылына екі рет өтетінінмәлімдеді. Оның мақсаты – ауыл балаларына бапкерлермен мамандардың назарына ілігетін мүмкіндіктердібарынша көбейту.
Турнирдің мазмұны мен маңызы
Бұл турнир – 2023 жылғы қарашада Halyk қоры мен #АуылФутбол жобасы арасында жасалғанмеморандумның жалғасы. Құжат аясында:
● 100 ауыл командасын қолдау;
● 100 жаттықтырушыны оқыту;
● 14 өңірлік турнир мен бір республикалық финал өткізу;
● Алматы облысының құрама командасын жасақтау;
● #АуылФутболAWARDS жүлдесін тағайындаужоспарланған.

Halyk қоры туралы
Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры бүгінгедейін 85 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп, 120-дан ірі жобаны іске асырды. Жобалар келесі бағыттардықамтиды:
* білім беру,
* денсаулық сақтау,
* спортты дамыту,
* өңірлік инфрақұрылымды жетілдіру және басқа да салалар.
Ауылдағы балалар спортын қолдау – қор жұмысыныңбасты бағыттарының бірі. 2024–2025 жылдары ауылспортына арналған жобаларға 500 миллион теңгеге жуыққаржы қарастырылған.

Ұқсас мақалалар

Дэвис Кубогының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

Redaktor Yersport

Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының себеттері белгілі болды

«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті