YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратГимнастикаЖаңалықтар

Милад Карими — Дохадағы қос алтынның иегері

 Қазақ спортындағы жарқын есімдердің бірі — Милад Карими тағы да ел намысын биікке көтерді. Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде отандасымыз кермедегі жаттығуда қарсыластарын шаң қаптырып, алтын медаль жеңіп алды.
Жоғары дәрежелі ақтық сында Милад төрешілер тарапынан 14.500 ұпайға лайық деп танылды. Бұл — оның шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің айқын нәтижесі. Екінші орынды Тайбэйлік Чиа Хун Тан 14.400 ұпаймен иеленсе, үздік үштікті Қытай өкілі Ци Тан 14.000 ұпаймен қорытындылады.
Милад мұнымен шектеліп қалған жоқ. Бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасында да топ жарып, алтын медаль еншілеген болатын. Осылайша, Карими Дохадағы доданы қос алтынмен аяқтап, Қазақстан спорт тарихына тағы бір жарқын бет қосты.
Оның бұл жетістігі — ел спортына серпін беріп қана қоймай, жас ұрпаққа үлгі боларлық оқиға. Миладтың табандылығы, кәсібилігі мен ұлттық намысты бәрінен биік қоюы — нағыз чемпионға тән қасиет.





н.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан Кубогының 2025 жылғы финалы Қызылордада өтеді

Бокстан Қазақстан құрамасына Айтжановтың орнына кім келгені белгілі болды

admin_yersport

Хавьер Маскерано «Интер Майами» командасының бас бапкері болды