YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Александер Чеферин алғаш рет ресми сапармен Астанаға келеді

УЕФА президенті Александер Чеферин 2025 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласына ресми сапармен ат басын бұрады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы басшысының кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман хабарлады.

Сапар Қазақстан футболы күніне арналмақ және ҚФФ пен УЕФА арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған. Сапар аясында Чеферин:

• Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі;

• ҚФФ басшыларымен келіссөздер жүргізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ол елімізге бейресми түрде келіп, «Қайрат» футбол академиясымен танысқан еді. Бұл жолғы сапар — ресми мәртебеге ие.

Ұқсас мақалалар

Фрэнк Лэмпард «Ковентри Сити» футбол клубының бас бапкері атанды

Черчесов Сергей Малыйдың негізгі құрамға лайық екенін айтты

Redaktor Yersport

Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінде төртінші себетте болады

Redaktor Yersport