YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарХоккей

Никита Бояркин ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысады

Астаналық «Барыстың» қақпашысы Никита Бояркин 8-9 ақпанда өтетін ҚХЛ Жұлдыздар ойынының қатысушысы атанды

Қазақстан құрамасының қақпашысы алғаш рет Жұлдыздар ойынында бақ сынайды. Бояркин Чернышев дивизионының атынан өнер көрсетеді.
ҚХЛ Жұлдыздар ойыны 2025 жылдың 8-9 ақпанында Новосибирск қаласында өтеді. 8 ақпанда көрермендер мастер-шоу және екі жартылай финалдық ойыннан тұратын турнирдің куәсі болса, 9 ақпан күні мастер-шоудың екінші бөлімі және шағын турнирдің үшінші орын үшін ойыны мен финал жоспарланған.

Ұқсас мақалалар

Кержаков ФИФА хатының үзіндісін жариялады: Германияға қарсы гол өзіне тиесілі

Мадридтік «Реалға» жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді

Redaktor Yersport

Роналду 15 жылдан кейін алғаш рет бірде-бір хет-триксіз жылды аяқтайды