YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутзал

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде жеңіске жетті

Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде өнер көрсетіп жатқан «Қайрат» элиталық кезеңнің алғашқы ойынында франциялық «Этуальді» 4:2 есебімен жеңді.

Ойындағы голдарды қазақстандық команда сапында Денер, Эдсон, Жулион Зенетто және Кевин Ариетта соқса, қарсылас құрамында Суфьян Әл-Месрар мен Әбдісамед Мухаммед мергендігімен көзге тұсті.
Элиталық кезеңнің В тобындағы екінші ойында «Олмиссум» (Хорватия) және «Динамо Загреб» (Хорватия) 1:1 есебі тіркелді.

Келесі ойынын алматылық ұжым 28 қараша күні «Олмиссум» командасына қарсы өткізеді.

 

Ұқсас мақалалар

Мбаппе «Реал» ойыншыларының Испания Суперкубогындағы жеңісі үшін «Барсаға» құрмет дәлізін ұйымдастыруға кедергі келтірді (Esport3)

«Астананың» биылғы еурожорығы қысқа болды, бірақ қаржылық ізі қалды

ҚФФ Қазақстан құрамаларына арналған жаңа форманы таныстырды