YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Ат спортыБасты ақпаратГимнастикаЖаңалықтарҚысқы спортМәнерлеп сырғанауСараптамаФутболХоккей

Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасында жүз гол соққан үшінші ойыншы атанды

«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасының бесінші туры аясында франциялық «Брест» қақпасына екі гол соғып, турнир тарихында 101 гол соқты. Польша құрамасының ойыншысы Чемпиондар Лигасының тарихында 125 ойын өткізген. Айта кетейік, жұлдызды шабуылшы турнир тарихындағы сұрмергендер арасында Криштиану Роналду (141 гол) және Лионель Мессиден (129 гол) кейін үшінші орында келеді.

«Барселона» өз жерінде «Брест» командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Левандовскийден басқа Дани Ольмо мергендігімен көзге түсті. Осы жеңістен соң 12 ұпай жинаған Ханс Дитер Флик шәкірттері турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Брест» турнирде алғаш рет жеңіліс тапты.

Ұқсас мақалалар

«Ордабасы» еурокубокта тағы ұятқа қалдырды

admin_yersport

Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының себеттері белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия — Германия арасындағы ойынды тамашалауға барды