YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартты

«Манчестер Сити» футбол клубы өзінің ресми сайтында бас бапкер Хосеп Гвардиоламен келісімшарттың 2027 жылға дейін ұзартқанын ресми түрде хабарлады.

53 жастағы маман «қалалықтармен» 1+1 жүйесі бойынша келісімге келген, яғни 2025-2026 жылғы футбол маусымынан кейін тағы бір маусымға созуға мүмкіндік бар.

Гвардиоланың алдыңғы келісімшарты осы маусымның соңына дейін жарамды еді.

Хосеп Гвардиола 2016 жылдан бері «Манчестер Сити» командасының бас бапкері қызметінде. Осы уақыт аралығында 6 рет АПЛ жеңімпазы атанып, Чемпиондар Лигасында жеңіске жетті. Осы маусымда Хосеп Гвардиола шәкірттері АПЛ-де өткен 11 турдың қорытындысы бойынша 23 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында келеді.

Ұқсас мақалалар

«Челси» үшін енді ұят емес. Команданың құпиясы неде?

«Ливерпуль» Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына жолдама алды

«Хоффенхайм» Дортмундтың «Боруссиясынан» 19 жастағы шабуылшыны жалға алды