YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартты

«Манчестер Сити» футбол клубы өзінің ресми сайтында бас бапкер Хосеп Гвардиоламен келісімшарттың 2027 жылға дейін ұзартқанын ресми түрде хабарлады.

53 жастағы маман «қалалықтармен» 1+1 жүйесі бойынша келісімге келген, яғни 2025-2026 жылғы футбол маусымынан кейін тағы бір маусымға созуға мүмкіндік бар.

Гвардиоланың алдыңғы келісімшарты осы маусымның соңына дейін жарамды еді.

Хосеп Гвардиола 2016 жылдан бері «Манчестер Сити» командасының бас бапкері қызметінде. Осы уақыт аралығында 6 рет АПЛ жеңімпазы атанып, Чемпиондар Лигасында жеңіске жетті. Осы маусымда Хосеп Гвардиола шәкірттері АПЛ-де өткен 11 турдың қорытындысы бойынша 23 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында келеді.

Ұқсас мақалалар

Перес Педриден екінші Фигу жасай ала ма?

Криштиану Роналду мансабында 14-рет бір жылда 40 және одан да көп гол соқты

Заңғар Нұрланұлы жас ұрпаққа тәлім берді

Redaktor Yersport