«Вашнгтон Капиталс» хоккей клубының шабуылшысы Александр Овечкин Ұлттық Хоккей Лигасының тұрақты маусымы аясында өткен ойында дубль авторы атанды.
Солт-Лейк Сити қаласындағы «Дельта Арена» спорт кешенінде лигаға биыл қосылған Ютамен өткен ойын 2:6 есебімен қонақ команданың пайдасына аяқталды.
Қонақтардың шабуылшысы дубль авторы атанып, лига тарихындағы 868 шайбасын соғып, Уэйн Гретцкийдің (894) нәтижесіне жақындай түсті.
Александр тұрақты маусымда өткізген 18 ойында 15 шайба соқты.