YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратЖаңалықтар

UFC тағы бір қазақстандық спортшымен толықты

Дияр Нұрғожай (10-0) әлемдегі ең атақты ұйымда өнер көрсетеді. Алғашқы жекпе-жегін 15 наурызда UFC Vegas 104 турнирінде бразилиялық Брендсон Рибейроға (16-7) қарсы өткізеді

Дияр жартылай ауыр салмақта (93 келі) жекпе-жекке шығады. Айта кетейік, қазақстандық спортшы 2024 жылдың қазанында Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен Dana White’s Contender Series жарысында польшалық спортшыны екінші раундта нокаутпен жеңіп, UFC (Ultimate Fighting Championship) ұйымымен келісімшартқа отырды

Дияр Нұрғожай 1997 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Спортттағы мансабын грек-рим күресінен бастап кейіннен аралас жекпе-жекке ауысқан.

Осылайша Дияр UFC ұйымында өнер көрсететін (көрсеткен) cегізінші қазақстандық атанды. Диярға дейін UFC-де: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан, Азат Мақсұм, Николай Ветренников (қазір шығып жүрген жоқ), Мария Агапова (қазір шығып жүрген жоқ) және Жалғас Жұмағұлов (қазір шығып жүрген жоқ) октагонға шыққан.

Ұқсас мақалалар

Камавинга «Севильямен» матчта Винисиусты сынға алды деген ақпаратты жоққа шығарды: «Мен ол туралы айтқан жоқпын»

ЖХЛ-дегі «Қар Барыстарының» матчы ірі есеппен аяқталды

МЮ жеңісті барбекюмен атап өтпек: үнем мен өзгерістер дәуірі