YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

Уэйн Руни Англия құрамасының келесі капитанын атады

Деклан Райс

«Манчестер Юнайтед» пен Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни ұлттық құраманың болашақ капитанына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Аңыз ойыншының айтуынша, қазіргі капитан «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн мансабын аяқтағаннан кейін, бұл рөлге ең лайық үміткер — Деклан Райс.

— Әрине, қазір капитан — Харри Кейн. Алайда болашақта Англия құрамасының капитаны Деклан Райс болады. Ол Гарридің мансабын аяқтауын күтеді. Райс бұл міндетке мінсіз сай келеді, себебі ол мақсаткерлігімен және керемет жеке қасиеттерімен ерекшеленеді. Оны бәрі жақсы көреді, кім жақын араласса да, оны жоғары бағалайды. Ол Англия үшін таптырмас ойыншы, — деді Руни.

Сондай-ақ ол Райстың алаңдағы әмбебаптығын ерекше атап өтті.

— Кей сәттерде ол орталық қорғаушылардың алдында үшінші қорғаушы ретінде ойнайды, ал келесі сәтте қарсылас айып алаңында гол соғуға ұмтылып жүреді, — деп қосты Руни.

Айта кетейік, қазіргі таңда Деклан Райс Англия құрамасының негізгі ойыншыларының бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Джуниор Кабананга спорттық мансабын аяқтады

Дрейк қарғысы әлі де жалғасуда

Гасперини: «Рома» шабуылда дәлдік пен сападан айырылды