YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

Шавкат Рахмонов Иэн Гэрримен көз түйістіру рәсімін өткізді

Қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмонов (18-0) Парадайс (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтетін UFC 310 турнирінің алдында ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен (15-0) көз түйістірді.

310 турнирі Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде 7 желтоқсан күні өтеді. Рахмонов-Гэрри жекпе-жегі кештің басты жекпе-жектерінің бірі ретінде жоспарланған.

Айта кетейік, негізі Шавкат Рахмонов басында Белал Мухаммадпен октагонда кездесу керек еді. Дегенмен қарсыласының (Белал Мухаммад) қолына операция жасауына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді. Шұғыл арада Рахмоновқа қарсылас іздеген UFC Иэн Гарриді тапты.

Енді UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегі ретінде Алешадри Пантожа және Каи Асакура арасында өтеді. Қос спортшы жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады. Сонымен қатар, кештің тағы бір маңызды жекпе-жектерінің бірі ауыр салмақта өтеді. Сирил Ган Александр Волковпен шеберлік байқасады.

Ұқсас мақалалар

Алонсо өз футболшыларын қорғау үшін бәріне дайын. Тіпті, сұсты Симеонеге де қарсы шықты

«Ақтөбе» клубы 250 млн теңге жымқырды деп айыпталды

Мартинелли Брэдлиден кешірім сұрады