YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

Рафаэль Уразбахтин: Аспанда қалықтамай, жерге түсу қажет

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин арнайы YerSport сайтына Чемпиондар лигасындағы «Пафоспен» өтетін матч алдында қарсыластың тактикасына қатысты пікір білдірді

 Біз талдаған ойындарда «Пафос» көбіне төрт қорғаушымен ойнаған. Әрине, кей сәттерде ойын барысында жүйе өзгеріп отырды, бірақ бұл олардың үнемі үш орталық қорғаушымен ойнайтынын білдірмейді. Қазіргі футболда көптеген аралас, яғни «гибридті» жүйелер бар: шабуылда — бір, қорғаныста — басқа схема қолданылады. Барлығы ойыншылардың ерекшелігіне байланысты. Ертең олардың қалай ойнайтынын көреміз. Біз кез келген нұсқаға дайынбыз — үш қорғаушымен де, төрт қорғаушымен де», — деді Уразбахтин.

Сонымен қатар бапкер қарсыласты бағаламауға шақырды:

Кейбіреулер «келіп, бір команданы 5:0 есебімен ұтамыз» — дейді. Мұндай ой — футболды түсінбеудің белгісі. Біз алғаш рет Чемпиондар лигасында ойнап жатырмыз, мұнда тек мықты командалар. Сондықтан жеңіл ойын болмайды. Аспанда қалықтамай, жерге түсу керек.

Бапкердің айтуынша, басты назар өз ойынына аударылған:

Біз ең алдымен өзімізге көңіл бөлуіміз керек — шабуылдағы, қорғаныстағы және стандарттардағы іс-әрекеттерге. Қарсыласты кім қалай бағаласа да, оған мән бермейміз. Ең маңыздысы — өз ойынымызға шоғырлану, — деп түйіндеді ол.

Ұқсас мақалалар

Александер Чеферин алғаш рет ресми сапармен Астанаға келеді

Redaktor Yersport

Фрэнк Лэмпард «Ковентри Сити» футбол клубының бас бапкері атанды

ӘБИБА ӘБУЖАҚЫНОВА — GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Redaktor Yersport