YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Ордабасы» еурокубокта тағы ұятқа қалдырды

«Ордабасы» еурокубокта тағы ұятқа қалдырды
Футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ордабасы» сырт алаңда Люксембургтің «Дифферданж-03» командасынан ұтылды.
Қарсылас команда – жартылай әуесқой клуб. Қақпасын 40 жастан асқан қақпашы күзетеді. Тіпті клубтың жеке автобусы да жоқ болып шықты. Соған қарамастан «Ордабасы» бір гол соға алмай қайтты. Жалпы, биылғы еурокубок басталғалы «Ордабасының» доп соғуы қиын болып тұр. Бұған дейін екі матчта Молдованың «Петрокуб» командасы қақпасын дәл көздей алмай кеткен.
Ойын тартысты болды деп айтуға келмейді. Қос команда да қауіпті шабуылдарды сирек ұйымдастырды. Сондай сәттердің бірінде алаң иелерінің шабуылшысы Жоржиньо Сергей Игнатович күзеткен қақпадан саңылау тауып, есеп ашты (37-минут).
Жеңіліп жатқанына қарамастан, «Ордабасы» ойыншылары есепті теңестіруге аса құлық танытпады. Тоқсан минут бойы шымкенттік команда қарсылас қақпасын небәрі екі-ақ рет дәл көздеген. Оның өзі қауіпті болды деп айтуға келмейді.
Қарымта ойын 1 тамызда Шымкент қаласында өтеді.
«Дифферданж» (Дифферданж, Люксембург) — «Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) – 1:0 
Гол: Жоржиньо 37 (1:0).
«Дифферданж 03»: Фелипе (Қ), Ришелми, Леандро Боржес, Тео Бруско, Кевин Д’Анцико, Жеффри Франзони (К),  Диогу Силва, Гийом Трани (Джанлука Беи, 94), Людовик Рош,  Жоржиньо (Андреас Бух, 89), Федерико Андрада (Густаво Симоэс, 78);
«Ордабасы»: Сергей Игнатович (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Игорь Пластун, Сұлтанбек Астанов (Реджинальдо, 46) – Асхат Тағыберген (К) (Еркебұлан Тұңғышбаев, 79), Евгений Макаренко, Бауыржан Исламхан (Жасур Яхшибоев, 63) – Артем Беседин (Дембо Дарбо, 46), Шохбоз Умаров (Айбол Әбікен, 71);

Ұқсас мақалалар

Президент кубогы: Елордалық «Барыс» командасы «Амурдан» басым түсті

admin_yersport

Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс құрамасына қызметке тағайындалды

admin_yersport

Мадияр Кембілов: Сен соқпасаң, саған соғады

admin_yersport