YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарҚұрлықаралық кубок

«Не болса да, мені сындыра алмайды». Матвей Сафонов жарақаты туралы

Матвей Сафонов

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының қақпашысы Матвей Сафонов соңғы екі күнде болған оқиғаларға, соның ішінде париждіктердің Құрлықаралық кубоктағы жеңісіне және өзінің жарақатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Бұған дейін Сафоновтың «Фламенгоға» қарсы ойын барысында қолын сындырып алғаны белгілі болған еді.

«Достар, үзілістен кейін қайта оралып жатырмын. Жылы лебіздеріңіз үшін рақмет. Уақытыңызды бөліп, хабарлама жазған әрбір жанға алғыс айтқым келеді. Соңғы екі күнде адам сенгісіз жағдайлар болып жатыр, барлығына жауап беру өте қиын, сондықтан бәріңізге бір ауыздан алғыс айтқым келеді. Жұмысымызды жалғастырып, алға қарай жүре береміз. Мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Ал өздеріңіз білесіздер, не болса да, мені сындыра алмайды», — деді Сафонов өзінің Telegram-арнасында жарияланған видеода.

Ұқсас мақалалар

Қазақстанның екінші ракеткасы беделді турнирді сенімді жеңіспен бастады

2030 жылғы қысқы Олимпиада өтетін жер анықталды

admin_yersport

16 жасар қазақстандық мансабын АҚШ-та жалғастырады

admin_yersport