Ереванда Hype BJJ турнирі аяқталды. Турнирдің басты оқиғасы UFC жекпе-жекшілері Шарабутдин Магомедов пен Арман Царукян арасындағы белдесу болды.
Әлеуметтік желілерде шараның демеушілерінің бірі — Forged Irish Stout сыра бренді болғаны айтылды. Бұл брендтің негізін қалаушы — UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор.
«Forged Stout Армениядан тікелей эфирде!» — деп жазды Макгрегор әлеуметтік желілерде.
Магомедов пен Царукян арасындағы белдесу тең нәтижемен аяқталды. Себебі жекпе-жек сабмишн-грепплинг ережелері бойынша өтті, ал қатысушылардың ешқайсысы да тұншықтыру әдісімен жеңіске жете алмады.
