YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCБасты ақпаратЖаңалықтар

Махачев Маддаленамен болған жекпе-жек туралы: «Іштей: “Осы ғана ма? Бұдан артық ештеңе үйренбедің бе?” деп ойладым»

Ислам Махачев пен Джека Делла Маддалена

Ресейлік файтер, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы титулдық жекпе-жекке қатысты естеліктерімен бөлісті.

Қараша айында Махачев Маддаленаны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген болатын.

«Біз қарсыласты мұқият зерттедік, оның жекпе-жектерін қарадық. Менен бұрын ол Белалмен (Мухаммад) айқасқан. Белалдың да күрестегі дағдылары бар. Ол Маддаленаны бірнеше рет партерге түсірді, бірақ Маддалена әрдайым тейкдауннан кейін тез тұрып кететін. Бір ғана әдісті – аударылып шығуды қолданатын.

Мен оны жерге құлаттым да, оның тағы да сол аударылуды жасауға тырысып жатқанын көрдім. Бірақ мен бұған дайын едім, қорғана алдым. Сол сәтте оның осы бір әдістен басқа ештеңесі жоқ екенін түсіндім. Іштей: “Осы ғана ма? Бұдан артық ештеңе үйренбедің бе? Тік тұру үшін басқа дағдың жоқ па?” деп ойладым. Сол кезде оның жерде ұзақ қалатынын аңғардым», – деді Махачев «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында.

Ислам Махачев ММА-да 29 жекпе-жек өткізіп, соның 28-інде жеңіске жеткен. Қазіргі таңда ол UFC рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтер ретінде 1-орында тұр.

Ұқсас мақалалар

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Азия Чемпионатында төрт алтын жүлде алды

Никита Бояркин ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысады

Redaktor Yersport

«Үлкен мақсаттарым бар». Елена Рыбакина 2026 жылғы алғашқы жеңісінен кейін пікір білдірді

Redaktor Yersport