YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарЛа ЛигаФутбол

Ламин Ямаль туралы кітаптың авторы: «Ол өз-өзіне мотивация беруі керек»

Ламин Ямал

«Ламин Ямаль әлемі» кітабының авторы Альберт Блайя «Барселонаның» жас вингері Ламин Ямальдің алдында тұрған негізгі қиындықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

— Мессидің мансабы ұзақ әрі тұрақты болды. Ал Неймар мен Роналдиньо ондай деңгейде тұрақтылық көрсете алмады, ертерек құлдырады. Ямальдің басты міндеті — Месси секілді ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде өнер көрсету ме? — деген сұраққа Блайя былай жауап берді:

— Үздік ойыншылардың міндеті — күн сайын дамып, ойынын жақсарта беру. Ламин соншалықты мықты, тіпті өзіне өзі риза болып қалу қаупі бар. Ол 18 жасында-ақ көп нәрсеге қол жеткіздім деп ойлап, әрі қарай дамудың қажеті жоқ деп шешуі мүмкін.

Ламин өзін өзі мотивациялауы тиіс. Мессиде салыстыру үшін Криштиану Роналду болды. Ал Ямаль жағдайында буындар арасындағы айырмашылық бар. Иә, оны Мбаппемен салыстыруға болады, бірақ олардың жас айырмасы — он жыл.

Алдағы уақытта тағы бір бәсекелес пайда бола ма, оны уақыт көрсетеді. Ламиннің басты міндеті — өзіне мотивация табу, себебі ол өз қатарластарынан әлдеқайда мықты. Сонымен қатар «Барселонаның» оны қалай қолдайтынын да көретін боламыз, — деді Блайя.

Ұқсас мақалалар

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Астанада өтіп жатқан халықаралық бадминтон турнирінің 1/8 финалына шықты

Кубарси Суперкубоктағы жеңістен кейін «Реал» жанкүйерлеріне әдепсіз қимыл көрсетті – шынтақ тұсынан ұрды

Криштиану Роналду Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша Таяу Шығыстың жылдың үздік ойыншысы атанды