«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Охдудқа» қарсы өткен матчта (3:0) дубль жасап, 2025 жылғы голдарының санын 40-қа жеткізді, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.
Бұл голдар португалиялық футболшы үшін клубы мен Португалия ұлттық құрамасы сапындағы барлық турнирлерде соғылған 39-шы және 40-шы голдар болды.
Осылайша, 2025 жыл Роналду үшін мансабындағы бір маусымда 40 немесе одан да көп гол соққан 14-ші жыл атанды. Айта кетейік, оның ең үздік нәтижесі 2013 жылы тіркелген — сол жылы Роналду 69 гол соққан.
40 жастағы форвард бұл жетістікке Instagram желісінде қысқа әрі әзілмен жауап қатты:
«40 гол — 40 жаста 🧑🦳😂»

Криштиану Роналдудың бір жылда 40 және одан да көп гол соққан маусымдары:
-
2010 — 48 гол
-
2011 — 60 гол
-
2012 — 63 гол
-
2013 — 69 гол
-
2014 — 61 гол
-
2015 — 57 гол
-
2016 — 55 гол
-
2017 — 53 гол
-
2018 — 49 гол
-
2020 — 44 гол
-
2021 — 47 гол
-
2023 — 54 гол
-
2024 — 43 гол
-
2025 — 40 гол
