Талдықорғандық «Жетісу» клубы шабуылшы Нұрбол Ануарбековпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы Yersport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Айта кетейік, Ануарбеков өткен маусымда елордалық «Жеңіс» клубынан «Жетісу» сапына ауысып, бастапқыда командада жалға алынған ойыншы ретінде өнер көрсетті. 2025 жылдың соңында оның талдықорғандық клубқа толыққанды ауысқаны белгілі болды.
2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында 27 жастағы шабуылшы 21 матчқа қатысып, бір гол соқты.
Нұрбол Ануарбеков футболдағы жолын «Екібастұз» клубында бастап, кейін павлодарлық «Ертістің» қосалқы құрамында, «Ақсу», «Қайсар» және «Ұлытау» командаларында ойнаған. Transfermarkt дерегіне сәйкес, футболшының трансферлік құны — 100 мың еуро.
