YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
UFCЖаңалықтар

Конор — Джошуа мен Полдың жекпе-жегі туралы: «Алғашқы 60 секундта нокаут. Джейк енді бұрынғыдай болмайды»

Конор Макгрегор

Конор Макгрегор Энтони Джошуа мен Джейк Пол арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

UFC-дің бұрынғы қос салмақ дәрежесіндегі чемпионы Конор Макгрегор экс-әлем чемпионы Энтони Джошуа мен блогер Джейк Пол арасындағы айқасқа қатысты өз пікірін білдірді.

«Бұл жекпе-жекке әлі жеке бәс қойған жоқпын, бірақ “алғашқы 60 секундта нокаут” нұсқасы маған қатты ұнап тұр. Енді мәселе — қанша қою керек және тағы неге тігуге болады?

Бұл кездесу Джошуа үшін оңай серуен болады. Мен Matchroom-ды жақсы білемін, бұл — келісілген жекпе-жек емес. Джейк өзін ақымақша ұстап жүр — осы айқастан кейін ол енді ешқашан бұрынғыдай болмайды», — деп жазды Макгрегор әлеуметтік желіде.

Энтони Джошуа мен Джейк Пол арасындағы жекпе-жек 20 желтоқсанға қараған түні Майами қаласында өтеді.

Ұқсас мақалалар

КПЛ клубы Өзбекстанның үш дүркін чемпионымен матч өткізетінін хабарлады

Redaktor Yersport

«Ақтөбе» даулы ресейлік футболшыны қатарға қосуды көздеп отыр

Ресейдегі заң Нұралы Әліптің мәртебесін күшейтті