YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарСерия АФутбол

Италия Суперкубогының алғашқы финалисі анықталды

Наполи - Милан

«Наполи» Италия Суперкубогының алғашқы финалисі атанды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Антонио Конте жаттықтыратын команда Сауд Арабиясында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында «Миланды» 2:0 есебімен жеңді.

Матчтың алғашқы таймында есепті Давид Нерес ашса, үзілістен кейін Расмус Хейлунд кездесудегі соңғы нүктені қойды. Осылайша, неапольдықтар финалға сенімді түрде жолдама алды.

Шешуші матчта «Наполи» «Интер» – «Болонья» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл жартылай финалдық ойын 19 желтоқсанда өтеді.

Айта кетейік, Италия Суперкубогының финалы 22 желтоқсанға жоспарланған. Турнир Сауд Арабиясында осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Ұқсас мақалалар

«Ақтөбе» даулы ресейлік футболшыны қатарға қосуды көздеп отыр

Данияр Елеусіновтің рингке оралу күні белгілі болды

admin_yersport

«Барселона» төрт матч қатарынан қақпасын құрғақ ұстады