YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

Ислам Чесноков ойнайтын клуб африкалық құраманың мергенімен күшейді

"Хартс" ФК

Солтүстік Македонияның «Вардар» клубы мен Уганда құрамасының шабуылшысы Роджерс Мато шотландиялық «Хартспен» келісімге келді, деп хабарлайды Yersport.kz.

«Угандалық шабуылшы, ұлттық құраманың ойыншысы Роджерс Матомен келісімге келгенімізді қуана хабарлаймыз. Ол осы жазда “Хартстың” футболшысы атанады. 22 жастағы форвард “Вардармен” келісімшарты аяқталғаннан кейін үш жылдық келісімге қол қояды», – делінген «Хартс» клубының баспасөз қызметі хабарламасында.

Осы маусымда Роджерс Мато «Вардар» сапында 17 матч өткізіп, 15 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Хартс» Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың ауысқанын ресми түрде жариялаған еді.

Ұқсас мақалалар

«Барселона» төрт матч қатарынан қақпасын құрғақ ұстады

Перес Винисиустың «Реалдан» кетуін қаламайды

ӘБИБА ӘБУЖАҚЫНОВА — GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Redaktor Yersport