«Интер Майами» футбол клубы өзінің ресми сайтында Хавьер Маскераномен келісімшартқа отырғанын хабарлады
Осыған дейін Маскерано Аргентинаның жастар құрамасында жаттықтырушы болған. 40 жасар маман жаңа командамен 2027 жылғы MLS маусымының соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Хавьер осыған дейін бапкер болған Херрардо Мартиноны алмастырады. Маскерано қажетті құжаттар дайын болған соң жаңа жұмысына кіріседі.
Осы маусымда «Интер Майами» тұрақты чемпионатта жеңіске жетіп, плей-офф кезеңінің алғашқы кезеңінде «Атланта Юнайтедке» үш ойынның қорытындысы бойынша есе жіберді.
Айта кетейік «Интер Майамиде» Хавьер Маскераноның бұрынғы командаластары: Лионель Месси, Жорди Альба, Луис Суарес және Серхио Бускетс өнер көрсетеді.