YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Хан-Тәңірі» Премьер-лигаға шыға ала ма?

«Хан-Тәңірі» Премьер-лигаға шыға ала ма?

Алматылық клуб 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында екінші маусым өнер көрсетуде. Олар турнир кестесінде бірнеше мәрте ТОП-3-ке кірді және Премьер-лигаға шығуды көздейді. Асқар Қожабергеновтың шәкірттері осы маусымда 8 тур бойы жеңіліссіз сериясын тіркеді. Ал 24 жастағы Диас Қалыбаев атты шабуылшысы үздік сұрмергендердің тізімінде тұр. Клубтың кейінгі 3 матчта жолдары болмаса да, әлі де бәсекелесуге қауқары бар. «Хан-Тәңірі» отандық футболда 3 жыл ғана доп тепсе де, Премьер-лигаға шығып, тарихи жетістікті жасауы әбден мүмкін.

«Хан-Тәңірі» клубының осы маусымдағы көрсеткіштері:

Орны: 6 орын және 31 ұпай
Матчтар: 9 жеңіс, 5 жеңіліс, 4 тең
Голдар: 29 гол соғып , 22 гол жіберді
Сұрмерген: Диас Қалыбаев (17 матчта 7 гол соқты. Сұрмергендердің тізімінде 4-орында тұр)
Стадион:«Хан-Тәңірі» (Алматы қ.)
Ірі жеңіс: «Ақтөбе Ж» командасын 6:2 есебімен жеңді (9 тур, 31 мамыр)
Ірі жеңіліс: Өз алаңында «Қайрат-Жастар» ұжымынан 0:3 (4 тур, 25 сәуір) және «Оқжетпестен) 0:3 есебімен (19 тур, 9 тамыз) есе жіберді

«Хан-Тәңірінің» Премьер-лигаға шығатынына сенесіз бе?
1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында команданы қолдап, матчтарға келіңіз!
«Хан-Тәңірі» клубын қолдайтын болсаңыз, лүпіл басып, пікір қалдырыңыз.

Ұқсас мақалалар

Александр Бублик Римдегі ATP 1000 турнирін жеңіспен бастады

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде жеңіске жетті

Олимпиада чемпионы Улугбек Рашитов екі жылға спорттан шеттетілді