YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Globe Soccer Awards: Дембеле — жылдың үздік футболшысы, Роналду — Таяу Шығыстың үздігі, Энрике — жылдың жаттықтырушысы

Усман Дембеле

28 желтоқсанда Дубай қаласында Globe Soccer Awards марапаттау рәсімі өтті.

Негізгі жүлде иегерлері:

  • Жылдың үздік футболшысы — Усман Дембеле («ПСЖ»)
    Номинанттар: Витинья («ПСЖ»), Килиан Мбаппе («Реал»), Рафинья, Ламин Ямаль (екеуі де — «Барселона»)

  • Жылдың үздік жаттықтырушысы — Луис Энрике («ПСЖ»)
    Номинанттар: Хаби Алонсо («Реал»), Микель Артета («Арсенал»), Ханс-Дитер Флик («Барселона»), Энцо Мареска («Челси»)

  • Таяу Шығыстағы жылдың үздік ойыншысы — Криштиану Роналду («Әл-Наср»)
    Номинанттар: Карим Бензема («Әл-Иттихад»), Салем Аль-Досари («Әл-Хилаль»), Рияд Марез («Әл-Ахли»)

  • Жылдың үздік жас ойыншысы — Дезире Дуэ («ПСЖ»)
    Номинанттар: Пау Кубарси («Барселона»), Жоау Невеш («ПСЖ»), Арда Гюлер («Реал»), Кенан Йылдыз («Ювентус»)

  • Жылдың үздік шабуылшысы — Ламин Ямаль («Барселона»)
    Номинанттар: Усман Дембеле, Хвича Кварацхелия (екеуі де — «ПСЖ»), Килиан Мбаппе («Реал»), Рафинья («Барселона»)

  • Жылдың үздік жартылай қорғаушысы — Витинья («ПСЖ»)
    Номинанттар: Джуд Беллингем («Реал»), Жоау Невеш («ПСЖ»), Коул Палмер («Челси»), Педри («Барселона»)

  • 2025 жылдың үздік клубы — «ПСЖ»
    (Клуб маусымда 6 трофей жеңіп алды)
    Номинанттар: «Барселона», «Челси», «Фламенго», «Ливерпуль»

Арнайы марапаттар:

  • Ламин Ямаль Диего Марадона атындағы арнайы жүлдеге ие болды

  • Жылдың үздік ұлттық құрамасы — Португалия

  • Жылдың үздік агенті — Жорже Мендеш

  • Жылдың үздік спорттық директоры — Луиш Кампуш («ПСЖ»)

  • Жылдың үздік президенті — Нассер Аль-Хелайфи («ПСЖ»)

Мансап үшін берілген жүлделер:

  • Андрес Иньеста мен Хидетоси Наката — спорттағы ерекше мансабы үшін

  • «Жылдың оралуы» — Поль Погба (допингке байланысты шеттетуден кейін «Монакоға» оралды)

Globe Sports Award:

  • Теннисші, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы Новак Джокович — ерекше спорттық жетістіктері үшін марапатталды

Арнайы құрмет:

  • Марқұм футболшы Диогу Жотаның ата-анасы — Жоаким мен Изабел Силваға арнайы жүлде табысталды. Залдағы көрермендер оларды тік тұрып қошеметтеді.

Ла Лига (2024/25 маусымы) бойынша марапаттар:

  • Үздік жаттықтырушы — Ханси Флик («Барселона»)

  • Үздік футболшы — Рафинья («Барселона»)

  • Үздік жас ойыншы — Ламин Ямаль («Барселона»)

  • Үздік сейв авторы — Ян Облак («Атлетико»)

Ұқсас мақалалар

Максим Самородов қатарынан үш ойында гол соқты

Жоан Лапорта «Барселонаның» Чемпиондар лигасын ұтуы жайлы жауап берді

Рикардо Камара Собрал (Какау): Қазақстан құрамасынан ұсыныс болды, Астанада келіссөздер жүрді