YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Геннадий Головкин мен Криштиану Роналдудың кездесуі ерекше мәнге ие болды

Криштиану Роналду және Геннадий Головкин

Испан тіліндегі танымал Claro Sports БАҚ-тың Х әлеуметтік желісіндегі аккаунты қазақстандық орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен жұлдызды португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың көпшілік назарын аудартқан кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz.

Головкин мен Роналду Сауд Арабиясында өткен жуырдағы бокс кешінің кулуарында жүздесті. Әңгіме барысында спортшылар бір-бірін мерекелермен құттықтап, соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

«Ұлы спортшылардың кездесуі.
Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду элиталық бокс пен футболды тоғыстырған шарада жолықты.
Өз спорт түрлерінде тұтас бір дәуірдің символына айналған, абсолютті эталон саналатын екі тұлға — бір кадрда», — деп жазды ресурс.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің және World Boxing ұйымының президенті қызметтерін атқарады. Ал Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсетіп жүр.

Ұқсас мақалалар

«Адмиралдың» бас бапкері «Барыспен» өткен матчтағы арандатулар туралы айтты

Redaktor Yersport

UFC Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновты допингке тексерді

Илия Топурияның жұбайы тұрмыстық зорлық ісі бойынша адвокат таба алмай жүр — Марласка