YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

«Челси» чемпиондық сыйақысын Диогу Жотаның отбасына аударды

Лондондық «Челси» ойыншылары мен клуб басшылығы үлкен жүрек пен нағыз спорттық бауырмалдықтың үлгісін көрсетті. 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатындағы жеңісі үшін әр ойыншыға берілген 500 мың долларлық бонустың барлығы қайырымдылыққа бағытталды.

Жалпы сомасы 15,5 миллион долларды құраған қаржы марқұм Диогу Жотаның отбасына және апатта қаза тапқан оның бауыры Андре Силваның туыстарына берілді.

Диогу Жота 2020 жылдан бері «Ливерпуль» сапында өнер көрсетті. Өкінішке қарай, 3 шілдеде Испанияның Самора провинциясында ол туған бауырымен бірге жол апатынан көз жұмды. Тергеу мәліметінше, апатқа жылдамдықты арттыру мен дөңгелектің ақауы себеп болған.

Ұқсас мақалалар

Үміт сыйлаған бір гол

«МЮ» капитаны Бруну Фернандеш кемінде бір айға қатардан шықты

Александр Бублик Римдегі ATP 1000 турнирін жеңіспен бастады