Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен және кәсіби скауттардың назары аясында еліміздің әр өңірінен келген жас футболшылар алаңға шықты.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 ауылдық команда Алматыда алғаш рет HALYK OPEN GOLDEN KIDS атты балалар турнирінде бас қосты. Бұл – Тимур Құлыбаевтың Halyk қорының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан #АуылФутбол жобасының жаңа кезеңі.
Турнир елдің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардыжинап, нағыз футбол думанына айналды: алаңдағытартыс, трибунадағы ата-аналардың толқынысы жәнеболашақ жұлдыздарды іздеуге арнайы келген «Қайрат» клубының кәсіби скауттарының назары — бәрі де бұлшараның ерекше маңызын айқындап тұрды. «Басты мақсат – ауыл балаларына үлкен алаңда өздерінкөрсетуге мүмкіндік беру», – дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мамбет. «Ауыл футболы тұйық жол емес, үлкен аренаға бастартрамплин болуы керек», – деп толықтырды ол. Турнирге арнайы келген құрметті қонақтардың қатарындақазақ футболының аңызы – Құралбек Ордабаев пен Ваит Талғаев болды. Олар ойындарды тамашалап, жасфутболшыларға қолдау көрсетті.
Турнир қалай өтті? Командалар 4 топқа бөлініп, әрқайсында 4 командаданойнады. Кейін – плей-офф, медаль үшін тартыс және еңбасты – әр ойыншыға жеке назар.
Жоба аясында алғаш рет әр матчтағы үздік ойыншыларарнайы марапатталды. Барлығы 32 ойын өтіп, нәтижесінде 32 жеке марапат табысталды. Сондай-ақ, скауттар таңдаған 12 үздік ойыншыдан символды құрамжасақталды. Олар да Halyk қорынан бағалы сыйлықтарғаие болды.
«Ауыл балаларының әлеуеті зор. Бұл тек сөз жүзіндеемес, олардың жанкештілігі мен көзіндегі жалыннан-ақбайқаймыз. Әр жеңісі – болашақ ұрпаққа дегенмақтаныш», – деді Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.
Турнир қаһармандары мен жеңімпаздары
• Чемпион – «Намыс – Қызылтөбе» (Маңғыстау облысы)
• Күміс жүлде – RedSapsans (Алматы облысы)
• Қола жүлде – «Іле Сәулет» (Алматы облысы)
• Ең жас ойыншы – Сейдахмет Ахмет (2014 ж.т.)
• Турнирдің «Алтын добы» – Абзал Баймұхан
Ұйымдастырушылар турнир жылына екі рет өтетінінмәлімдеді. Оның мақсаты – ауыл балаларына бапкерлермен мамандардың назарына ілігетін мүмкіндіктердібарынша көбейту.
Турнирдің мазмұны мен маңызы
Бұл турнир – 2023 жылғы қарашада Halyk қоры мен #АуылФутбол жобасы арасында жасалғанмеморандумның жалғасы. Құжат аясында:
● 100 ауыл командасын қолдау;
● 100 жаттықтырушыны оқыту;
● 14 өңірлік турнир мен бір республикалық финал өткізу;
● Алматы облысының құрама командасын жасақтау;
● #АуылФутболAWARDS жүлдесін тағайындаужоспарланған.
Halyk қоры туралы
Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры бүгінгедейін 85 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп, 120-дан ірі жобаны іске асырды. Жобалар келесі бағыттардықамтиды:
* білім беру,
* денсаулық сақтау,
* спортты дамыту,
* өңірлік инфрақұрылымды жетілдіру және басқа да салалар.
Ауылдағы балалар спортын қолдау – қор жұмысыныңбасты бағыттарының бірі. 2024–2025 жылдары ауылспортына арналған жобаларға 500 миллион теңгеге жуыққаржы қарастырылған.