YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛЖаңалықтарФутбол

«Астон Вилла» 12 матчтан кейін алғаш рет жеңіліп, «Арсеналдан» (1:4) ұтылды. Клубтың рекордтық жеңіс сериясы тоқтады

Арсенал - Астон Вилла

«Астон Вилланың» жеңістер сериясы үзілді.

Унаи Эмери шәкірттері Англия Премьер-лигасының 19-туры аясында «Арсеналға» 1:4 есебімен жол берді. Осылайша, бирмингемдік клуб 12 матчтан кейін алғаш рет жеңіліс тапты.

Бұған дейін «Астон Вилла» қатарынан 11 ойында жеңіске жетіп, клуб тарихындағы рекордтық көрсеткішін қайталаған болатын.

Қазіргі таңда «Астон Вилла» Англия чемпионатының турнир кестесінде 39 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал 3 қаңтар күні команда «Ноттингем Форестпен» кездеседі.

Ұқсас мақалалар

Уразбахтин: «Қайрат» қақпашыларының жағдайы жақсы

Қазақстандық миллиардердің клубы Англиядағы жеңіліссіз сериясын үзді

Артур Шушеначев Израильде қалатын болды