YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутболЧемпиондар Лигасы

«Астана» мен «Қайсардың» бұрынғы ойыншысы Чемпиондар Лигасында гол соқты

УЕФА Чемпиондар Лигасының бесінші туры аясында братиславалық «Слован» өз алаңында «Миланды» қабылдап, 2:3 есебімен жол берді. Қонақтар қатарында Рафаэль Леау, Тэмми Абрахам және Кристиан Пулишич көзге түсіп, италиялық команда үш ұпайға қол жеткізді.

Алаң иелері сапында қазақстандық «Астана» және «Қайсар» командаларының бұрынғы ойыншысы Тигран Барсегян өнер көрсетіп, ойынның 24 минутында есепті теңестірді. Ойынның 89 минутында Нино Марселли гол соғып, есеп айырмасын қысқартқанымен тәжірбиелі «Миланның» ойыншылары есептегі басымдықты сақтап қалды.

Айта кетейік, Тигран Барсегян қызылордалық «Қайсар» сапында 2019 жылы бір маусым, «Астана» қатарында 2020-2021 жылдары өнер көрсеткен. Сонымен қатар, братиславалық команданың бас бапкері Владимир Вайс үш маусым (2014-2016) «Қайратты» жаттықтырған.

Ұқсас мақалалар

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде жеңіске жетті

«Қайратты» үлкен сынақ күтін тұр

Фрэнк Лэмпард «Ковентри Сити» футбол клубының бас бапкері атанды