Аргентина мен Испания трофей үшін Қатарда шайқасатын болды, деп хабарлайды Yersport.kz сайты Испания Корольдігінің футбол федерациясына сілтеме жасай отырып.
Испания Корольдігінің футбол федерациясы хабарлағандай, Еуро-2024 және 2024 жылғы Америка кубогының жеңімпаздары 27 наурызда Доха қаласында өтеді.
Жүлде үшін талас ӘЧ-2022 финалын қабылдаған «Лусаил» стадионында өтпек.
Аргентина үшін бұл турнир аясындағы үшінші финал. Осыған дейін 2022 жылы Италияны жеңіп, өз тарихындағы екінші кубогын ұтқан еді. Ал, испандық футболшылар бұл жарысқа тарихында алғаш рет қатыспақшы.
Cурет: https://rfef.es/es/noticias/espana-y-argentina-pelearan-en-catar-por-la-finalissima-2026

