YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Алонсо өз футболшыларын қорғау үшін бәріне дайын. Тіпті, сұсты Симеонеге де қарсы шықты

Алонсо, Винисиус - Симеоне

Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетико» мен «Реал Мадрид» арасындағы матчта (1:2) Винисиус Жуниорды алмастыру кезінде дау туындады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Қақтығысқа «Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеоне, «Реалдың» вингері Винисиус және мадридтіктердің жаттықтырушысы Хаби Алонсо араласты.

Ойын сәтінде Симеоне Винисиусқа қарап, трибуналардағы ысқырықты меңзеп:

«Тыңда, тыңда…» – деп айтқан. Бұл сөз нақты Винисиуске бағытталды ма, әлде оның ауыстырылуына қатысты ма – белгісіз.

Бұған ашуланған бразилиялық футболшы төрешіден Симеонеге сары қағаз көрсетуін талап етті:

«Карточка! Оған карточка көрсет!»

Нәтижесінде төреші екеуіне де ескерту берді.

Осы сәтте жағдайға Хаби Алонсо араласты. «Реалдың» бас бапкері Симеонеге ашық түрде наразылық білдіріп, Movistar трансляциясына түсіп қалған сөзін айтты:

«Чоло! Чоло! Өз ойыншыларыңмен айналыс, қарғыс атқыр!»

Бұл арада Винисиус Симеонеге сары қағаз талап етуді жалғастырды, ал Федерико Вальверде «Атлетико» бапкерімен сөйлесуге тырысты. «Матрасшылардың» капитаны Коке Алонсоға жақындағанда, испаниялық маман:

«Ол араласпауы керек», – деп жауап берді. Мұнда Алонсо Симеонені меңзеген.

Айта кетейік, матч барысында Симеоне мен Винисиус арасында бұған дейін де бірнеше қақтығыс болған. Бір сәтте аргентиналық бапкер бразилиялық ойыншыға:

«Флорентино сені қуып жібереді, сөзімді ұмытпа», – дегені де белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

«Қайрат» үшін қуанышты жаңалық

Олимпиада чемпионы таяққа жығылды: Қылмыстық іс қозғалды

ҚПЛ-дің тағы екі клубы жекешелендіріледі

Redaktor Yersport