YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарСараптамаФутзалЧемпиондар Лигасы

Алматылық «Қайрат» мерзімінен бұрын УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалына шықты

Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде ойнап жатқан қазақстандық команда екінші ойында хорватиялық «Олмиссум» командасын минималды есеппен жеңіп, мерзімінен бұрын төрттік финалға жолдама алды.

Ойындағы жалғыз голды матчтың 25-минутында Эдсон соқты. Қатар өткен ойында франциялық «Этуаль» алаң қожайындары «Динамоны» 4:3 есебімен жеңді. Топтық кезеңнің соңғы ойынында қазақстандық команда алаң қожайыны саналатын «Динамомен» кездеседі.

Осыған дейін қазақстандық ұжым төрттік финалға 2021 жылы шыққан еді. Жалпы өз тарихында алматылықтар төрттік финалға бесінші мәрте шығып тұр. Марлон Веласко шәкірттер 2013 және 2015 жылдары жеңімпаз атанса, 2019 жылы күміс жүлдегер атанған.

Чемпиондар Лигасының төрттік финалы 2025 жылдың 1-4 мамырына жоспарланған.

Сонымен қатар «Семей» футзал клубы да жеңіске жетті. Қазақстан чемпиондары польшалық «Бяльско-Бяля» командасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Ұқсас мақалалар

Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасында жүз гол соққан үшінші ойыншы атанды

Александер Чеферин алғаш рет ресми сапармен Астанаға келеді

Redaktor Yersport

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңінде жеңіске жетті