АҚШ-та тұратын қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова ММА-де өнер көрсететін отандасы Жәлғас Жұмағұловтың отбасылық жағдайы туралы айтқан сөздеріне қатаң реакция білдірді, деп хабарлайды Yersport.kz.
Бұған дейін Жұмағұлов Home of Fight басылымына берген сұхбатында екі әйелімен бірге тұратынын, жеті бала тәрбиелеп отырғанын, сондай-ақ бұнымен шектелмей, үшінші әйел алуды жоспарлап жүргенін айтқан болатын.
Осыған байланысты Сатыбалдинова Instagram желісіндегі сторисінде Жұмағұловтың сұхбатынан үзінді жариялап, былай деп жазды:
«Мұның қандай мақтан екенін түсінбедім? Екі әйелің, жеті балаң болса — ал онда саған ту ұстата салайық. Бірақ Қазақстан — зайырлы мемлекет, бізде көп әйел алуға тыйым салынғанын білсеңші!»

Айта кетейік, 28 желтоқсанда Жәлғас Жұмағұлов Oktagon ұйымының аса жеңіл салмақтағы чемпионы атағын алғаш рет қорғайды. Чехияның Прага қаласында ол жергілікті файтер Давид Дворжакпен жекпе-жек өткізеді.
