YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан Премьер-ЛигасыТрансферФутбол

«Ақтөбе» даулы ресейлік футболшыны қатарға қосуды көздеп отыр

Фёдор Смолов

Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Федор Смолов мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Yersport.kz инсайдер Иван Карповқа сілтеме жасап хабарлайды.

35 жастағы ресейлік форвардқа «Ақтөбе» клубы қызығушылық танытып отыр.

Мансабы барысында Смолов Ресейдің «Динамо» (Мәскеу), «Анжи», «Урал», «Краснодар», «Локомотив» клубтарында, сондай-ақ Нидерландтың «Фейенорды» мен Испанияның «Сельтасында» өнер көрсетті. Испанияда өткізген жарты жылында Федор «Барселона» мен «Реал» Мадрдид қақпаларына гол соғып көзге түсті.  Федордың соңғы командасы ресейлік медиа-лигаға қатысатын «БроукБойз» болды. Ол 2012–2021 жылдары Ресей ұлттық құрамасының сапында ойнаған.

Сондай-ақ футболшының аты түрлі жанжалдармен де аталғанын айта кеткен жөн. Мәселен, өткен жылдың шілде айында ол Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде төбелес шығарған.

Ұқсас мақалалар

Флик: «Алғашқы 80 минутқа разы емеспін»

Тен Хаг кезінде «МЮ» жеңіске жетіп, Англия Кубогының финалына шықты және Лига кубогын ұтты. Эрик кеткен соң команда 1/4 финалдан әрі аса алмады әрі 7 матчтың 4-еуінде жеңілді

Мадияр Кембілов: Сен соқпасаң, саған соғады

admin_yersport