YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарФутбол

Африка кубогында стадион толмаса, жанкүйерлерді матчқа тегін кіргізуде

Николас Джексон: Сенегал-Ботсвана

RFI мәліметінше, Африка кубогының ұйымдастырушылары Африка футбол конфедерациясымен (CAF) келісім бойынша, матч басталғаннан шамамен 20 минут өткен соң стадион трибуналары толық толмаса, жанкүйерлерді ойынға тегін кіргізуге рұқсат беріп отыр, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Мысалы, Камерун мен Габон құрамалары арасындағы матч (1:0) дерлік бос трибуналар алдында басталған. Алайда бірінші таймның ортасына қарай, жауын-шашынға қарамастан, стадион айтарлықтай тола бастаған. Кейінірек ресми түрде ойынға 35 200 көрермен келгені хабарланды. Айта кетейік, аренаның сыйымдылығы 45 мың орыннан асады.

Осындай жағдайлар турнирдің алғашқы күндеріндегі көптеген кездесулерде байқалды. Рабатта өткен Конго Демократиялық Республикасы мен Бенин арасындағы ойында бастапқыда 6 703 көрермен тіркелсе, кейін бұл көрсеткіш 13 073 адамға дейін түзетілген.

Билеттері толық сатылған жалғыз матчтар — турнир қожайыны Марокко құрамасының Мали және Замбияға қарсы ойындары, сондай-ақ Алжирдің Буркина-Фасо мен Экваториалдық Гвинеяға қарсы кездесулері болды.

Ұқсас мақалалар

Валерий Газзаев: «Дюков УЕФА және ФИФА-мен үнемі байланыста. Оның сөздерінің негізі бар, біздің футболдың әлемдік аренаға қайта шығуын күтуге болады»

Корттағы қомақты табыс

Redaktor Yersport

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы: Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды

Redaktor Yersport