YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарКХЛХоккей

«2026 жылы әлі бірде-бір жеңіс жоқ». «Барыстың» ойынына ҚХЛ баға берді

"Барыс" ХК

ҚХЛ-дың ресми сайты астаналық «Барыс» пен төменгікамалық «Нефтехимик» арасындағы тұрақты чемпионат матчының шағын аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Yersport.kz.

«„Нефтехимик“ астаналықтардың жеңіліс сериясын ұзартады ма?

„Барыс“ үш матчтан тұратын үйдегі сериясын бастайды, ал „Нефтехимик“ сырт алаңдағы үш ойынның екіншісін өткізеді. Осы маусымда қарсыластар арасындағы екі кездесу де қонақтардың пайдасына шешілген (3:2, 5:2).

Төменгі камалықтардың еншісінде „Адмиралды“ (3:2 Б, 4:2) және „Ақ Барсты“ (2:0) қатарынан үш рет жеңген серия бар. 49 ұпаймен Игорь Гришин шәкірттері Шығыс конференциясының топ-5 қатарына кіру үшін күресіп жүр.

Ал „Барыста“ керісінше – төрт матчтан тұратын жеңіліс сериясы. Михаил Кравецтің командасы 2026 жылы әлі бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ: „Торпедодан“ (2:3), „Ақ Барстан“ (1:3), „Салават Юлаевтан“ (1:3) және „Автомобилистен“ (1:2 ОТ) жеңілді. 37 ұпаймен алаң иелері турнир кестесінде соңынан екінші орында келеді, плей-офф аймағынан қалып келе жатқаны – төрт ұпай.

ҚХЛ-дегі соңғы бес матчтағы командалар көшбасшылары

„Барыс“ шабуылшысы Всеволод Логвин мұз айдынына шыққан жағдайда ҚХЛ-дегі 100-матчын өткізеді. Астаналықтар сапында соңғы бес ойында ең нәтижелі болғандар – Алихан Асетов (1+2) және Майкл Веккьоне (0+3).

„Нефтехимиктің“ қақпашысы Филипп Долганов тұрақты чемпионатта сейв пайызы бойынша топ-5 қатарында (36 матчта – 92,9%). Төменгікамалықтардың шабуылшысы Андрей Белозёров чемпионаттың төртінші мергені (45 ойында 21 шайба), сондай-ақ жеңіс шайбалары бойынша үшінші орында (5). Ал қорғаушы Илья Пастухов бұғатталған соққылар саны бойынша үздік бестікте (39 матчта 98).

Өзара кездесулердегі жеңістер

ҚХЛ тарихында „Барыс“ пен „Нефтехимик“ арасындағы 44 матчтың 24-інде астаналық клуб жеңіске жеткен», — деп жазады лига сайты.

Ұқсас мақалалар

US Open финалы: Синнер мен Алькарас дәуірі жалғасуда

Жалғас Жұмағұлов Octagon тарихында алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғаған қазақстандық атанды

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы: Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды

Redaktor Yersport