Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 10-орын) Нидерландының Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалында испаниялық Хауме Муньярды (37-орын) драмалық матчта жеңді, деп хабарлайды Yersport.kz.
Бублик қарсыласын үш сет қорытындысы бойынша — 6:4, 6:7 (4:7), 7:6 (7:3) — тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Кездесу 2 сағат 45 минутқа созылды.
Енді Александрдың келесі қарсыласы канадалық теннисші Феликс Оже-Альяссим (6-орын) болады.
Роттердамдағы ATP 500 турнирінің жүлде қоры 2 462 660 еуроны құрайды. Жеңімпаз 460 555 еуро сыйақы алып, 500 рейтингтік ұпай еншілейді. Турнирдің басты фавориті — австралиялық Алекс Де Минаур (8-орын), ол бірінші нөмірмен тіркелген.
