YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Мәнерлеп сырғанау

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-При турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунцин қаласында өтетін Гран-При турниріне қатысады

22-24 қараша аралығында өтетін жарысқа Михаилден басқа франциялық Адам Сяо Хим Фа, Уэсли Чиу (Канада), Цзинь Боянь (Қытай), Сюн Сато (Жапония) және тағы басқа мәнерлеп сырғанау шеберлері бақ сынайды.
Естеріңізде болса Михаил Анже (Франция) қаласында өткен Гран-При жарысында қысқа және еркін бағдарлама нәтижесінде 231,86 (79,89+151,97) ұпаймен төртінші орын алған болатын.
Қытайдағы жарыста ерлер арасындағы қысқа бағдарлама 22 қараша, еркін бағдарлама 23 қарашаға жоспарланған.

Айта кетейік, Чунцин қаласында өтетін Гран-При турнирі соңғы кезеңдердің бірі. 2024-2025 жылғы маусымның финалдық кезеңі Гренобль (Франция) қаласында 5-8 желтоқсан аралығында өтеді.

Ұқсас мақалалар

«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар Лигасында қарсыласына есе жіберді

Михаил Шайдоров Қытайда өткен Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Redaktor Yersport

Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасында жүз гол соққан үшінші ойыншы атанды