YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Хоккей

Александр Овечкин Ұлттық Хоккей Лигасындағы «мәңгілік» нәтижені жаңартуға жақын қалды

«Вашингтон Кэпиталс» шабуылшысы Александр Овечкин Ұлттық Хоккей Лигасының тұрақты маусымында алғаш рет хет-трик авторы атанды

«Вегас Голден Найтс» командасымен өткен ойын 5:2 есебімен «астаналықтардың» пайдасына аяқталып, қонақ команда шабуылшысы Александр (Ови) Овечкин ҰХЛ тарихындағы 864, 865 және 866-шы шайбасын соқты. Александрға атақты Уэйн Гретцкийдің (894) нәтижесін жаңарту үшін 28 шайба соғу керек.
Дәл қазір Вашингтон турнир кестесінде 25 ұпаймен Шығыс Конферециясында үшінші орында келеді.Осы маусымда Овечкин өзі қатысқан 17 ойында 13 шайба соғып, 10 нәтижелі пас берді. Ұлттық Хоккей Лигасында 2005 жылдан бері өнер көрсететін ресейлік шабуылшы 1443 ойынға қатысып, 866 шайбаның авторы атанды.

Ұқсас мақалалар

Роберт Левандовский Чемпиондар Лигасында жүз гол соққан үшінші ойыншы атанды

«Алматы» шабуылшысын қайтарып алды

admin_yersport

16 жасар қазақстандық мансабын АҚШ-та жалғастырады

admin_yersport