Бұрын «Партизан», «Астана» және «Каспий» клубтарын жаттықтырған сербиялық маман Срджан Благоевич «Рубин» клубына тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Yersport.kz сайты «Спорт-Экспресс» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
— Мен шынымен де әртүрлі клубтармен сөйлесіп жүрмін. Алайда қазір қандай да бір нақты келіссөздер немесе белгілі бір клуб туралы ашық айту дұрыс болмас еді. Дегенмен бұған дейін де айтқанмын — ресейлік футбол маған қызық, — деді Благоевич.
52 жастағы маманның соңғы жұмыс орны — Белградтың «Партизан» клубы болды. Ағымдағы маусым барысында команда қатарынан екі рет жеңіліс тапқаннан кейін клуб басшылығы оны қызметінен босатты. Айта кетейік, отставкадан екі апта өткен соң Благоевичтің кандидатурасы Мәскеудің «Спартак» клубына да ұсынылған болатын.
