YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпарат

Әлімханұлынан допинг табылды

7 желтоқсан таңында өтуі тиіс Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара арасындағы титулдық жекпе-жек үлкен қауіпке тірелді.

Бокс әлеміндегі беделді инсайдер Майк Коппингердің хабарлауынша, Жәнібектен алынған допинг-тест World Anti-Doping Agency (WADA) тексерісінде позитивті нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта Әлімханұлының организмінен қандай тыйым салынған зат табылғаны жария етілген жоқ. Бірақ бұл жағдай орта салмақтағы белбеулерді біріктіру жекпе-жегінің тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін.

Лараның жағдайы басқаша: егер кездесу ресми түрде тоқтатылса, ол WBA титулын басқа қарсыласқа қарсы қорғауға мүмкіндік алады. Ал Жәнібек үшін бұл даулы жағдай мансабына кері әсер етуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Алматылық «Қайрат» мерзімінен бұрын УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалына шықты

Роберт Левандовски маңызды матчтарды өткізіп алуы мүмкін – жарақаты күткеннен де ауыр болып шықты

US Open финалы: Синнер мен Алькарас дәуірі жалғасуда