YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
АПЛ

Слот «Ливерпуль» туралы: «Маусым бойы бізге бар-жоғы бір ғана пенальти берілді — бұл көп допқа иелік етіп, қарсылас айып алаңы маңында жиі ойнайтын команда үшін таңғаларлық»

Арне Слот

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот АПЛ-дің 19-туры аясында «Лидспен» өткен матчтан (0:0) кейін мерсисайдтықтарға осы маусымда өте аз пенальти белгіленіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Yersport.kz сайты.

Кездесудің бірінші таймында Юго Экитике қарсылас ойыншысы Яка Бийолмен күрестен кейін айып алаңында газонға құламады.

— Айып алаңында ойыншылардың құлап қалуын ынталандырар ма едіңіз?
— Жоқ. Біз өзіміз істеп жүрген жолдан таймаймыз.

Мен бір маусымның ішінде әрдайым өзіңе лайықтының бәрін аласың деп сенбеймін. Кейде жағдай саған қарсы жұмыс істейді, кейде керісінше — пайдаңа шешіледі. Мен бұған сенбеймін. Ал екі, үш, төрт маусымдық аралықта бәрі өз орнына келеді — соған сенемін.

Осы маусымда бізге бар болғаны бір ғана пенальти берілгенін айтсам, қателеспейтін шығармын. Допқа ең көп иелік ететін, қарсылас айып алаңының ішінде және маңайында жиі ойнайтын команда үшін бұл, шынын айтқанда, таңғаларлық жағдай.

Дегенмен, мен футболшылардан айып алаңында әдейі құлауды талап етпеймін. Егер қазір сіздерге оларды бұған ынталандырамын десем, бәлкім, біз енді мүлде ешқашан пенальти ала алмайтын шығармыз. Сондықтан жоқ, — деді Арне Слот.

Ұқсас мақалалар

«Арсенал» – «Астон Вилла» матчында төрешілік дауы

«Арсенал» көшбасшысы «Қайратқа» қарсы матч алдында қатаң жазаға ұшырады

Дэнни Мерфи: Сульшердің «МЮ»-ға қайта оралуы — ақылға сыймайды