YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазақстан ұлттық құрамасыФутбол

2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіспен бастады.

Қазақстан W - Армения W

Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен алғашқы тур ойынында Бегайым Қырғызбаева баптайтын ұлттық құрама Армения командасын қабылдады, деп хабарлайды Yersport.kz сайты. Кездесу басынан-ақ алаң иелерінің басымдығымен өтіп, соның нәтижесінде қазақстандық футболшылар сенімді жеңіске қол жеткізді. Қорытынды есеп – 3:0.

Есеп 35-минутта ашылды. Қорғаушы Александра Бурова айып алаңы маңындағы сәтті мүмкіндікті мүлт жібермей, командасын алға шығарды. Екінші таймда Қазақстан құрамасы қарқынын үдете түсті. 76-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Анель Мамырова есепті еселей түссе, араға үш минут салып Бибигүл Нурушева қарсылас қақпасына үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы іріктеу турниріндегі алғашқы ойынында үш ұпай еншілеп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты. Келесі кездесу 7 наурыз күні дәл осы Астанада Беларусь құрамасына қарсы өтеді.

Ұқсас мақалалар

Гасперини: «Рома» шабуылда дәлдік пен сападан айырылды

Джейк Пол: «Джошуамен жекпе-жекте алғашқы екі раундта жеңіске жеттім. Бәрі жақсы жүріп жатты»

Қазақстан боксында тағы бір допинг дауы: Дулат Бекбауов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға дисквалицияланды

Redaktor Yersport