YERSPORT спорт жаңалықтары сайты
Дэвис КубогыЖаңалықтартеннис

Астанада Дэвис кубогы іріктеу кезеңі өтті: Қазақстан құрамасы Монакоға жол берді

6-7 ақпан аралығында Астанада теннистен Дэвис кубогының іріктеу кезеңі өтті. Қазақстан ерлер құрамасы бірінші әлемдік топ аясында элитадағы орнын сақтап қалу үшін Монако құрамасымен кездескен еді.

Өкінішке орай, өз алаңында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Монакоға 1:3 есебімен жол берді.

  • Жарыс нәтижелер:
    Александр Бублик — Уго Нис 6:0, 6:3
    Александр Шевченко — Валентин Вашеро 0:6, 3:6
    Александр Бублик / Бейбіт Жұқаев — Ромэн Арнеодо / Уго Нис 7:6, 6:7, 6:7
    Александр Бублик —  Валентин Вашеро 6:7, 6:7

Айта кетейік, Davis Cup Nations Ranking рейтингінде Қазақстан ерлер құрамасы 31-орында болса, Монако құрамасы 44-сатыда тұр.

Ұқсас мақалалар

Корттағы қомақты табыс

Redaktor Yersport

ФИФА мен Netflix ӘЧ-2026 турниріне орай жаңа футбол симуляторын ойластыруда

«Семей» маңызды ойын алдында кадрлық қиындықтарға тап болды